Жөтелген кезде нені ескеру керек?
![](/kz/uploads/posts/iblock/328/328573c9be78d74b3ddfb595ac6ee9a3.jpg)
Жөтелген кезде ескеретін қарапайым һәм маңызды бірнеше қағида бар, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
· Жөтелгенде немесе түшкіргенде жаныңыздағы адамдардан теріс айналып, басты еңкейткен дұрыс. Сол кезде ауызды сүлгімен жабу керек. Пайдаланылған шүберекті дереу қоқысқа тастауды ұмытпаңыз.
· Қақырықты жөтел кезінде кез келген жерге емес, пакетке, майлыққа немесе сүлгіге түкірген абзал. Көшеде қақырып-түкіру айналадағы адамдардың ашуына тиіп қана қоймай, қоршаған ортаға вирус таратуы мүмкін.
· Сүлгі, майлық болмай қалса, жұдырыққа жөтелген дұрыс емес. Дұрысы – ауызды сол қолдың сыртымен немесе шынтақпен жабу.
· Вирус жұқтырған адам басқалармен қарым-қатынас жасамауы керек. Кем дегенде 3 күн үйде жатып, емделгені жөн.
· Қолды жиі жуу көп қатерден сақтайды. Қолмен бетті, мұрынды, көзді ұстамауға тырысыңыз. Себебі қолдағы вирус көзге жұғуы мүмкін. Жөтеліп, түшкіргеннен кейін қолды бірден жуу – негізгі этика.
Жөтел пайда болса, дереу дәрі ішіп, тағы бір ауру жұқтырып алмаудың амалын жасаңыз. Сонымен бірге жөтел кезінде тынысалу жолдары тазаратынын да білу керек.