KZ
Өскемен
+3°
небольшая облачность Штиль
478.93 534.96 5.16

Өскемендегі сквердегі абаттандыру жұмыстары аяқталып қалды (видео)

8.07.2020, 10:22 74

Өскемендегі сквердегі «теңіз» тақырыбындағы абаттандыру жұмыстары аяқталып қалды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы шаһар басшысы Жақсылық Омар әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Айта кетсек, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының бойында “Электротауарлар” аялдамасының маңындағы жаңа сквердің орнында бұрын кішігірім бау-бақша болған. Аз уақыттың ішінде ол жерге балаларға арналған алаңы бар сквер салынып отыр.

Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары 95%-ға аяқталды. Ойын және демалыс алаңының ерекшелігі - біркелкі теңіз стилінде безендірілуі.

Сквердің жанында трамвай рельстері ауыстырылды, сондай-ақ, трамвай өткелдеріндегі жол жабыны да жаңартылды.

- Сквер бірнеше күннен кейін ашылады. Оған қандай атау беруге болады? Осы жөнінде тұрғындарға өз пікірлерін білдіруді ұсынамын, - дейді қала әкімі.

Сквердің атауына қатысты ұсыныстарыңызды Жақсылық Омардың Instagram желісіндегі жеке парақшасында қалдыруға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив