KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1,3 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Әскери медицина қызметкерлері пандемияға қарсы іс-шаралар жүргізуде

6.07.2020, 11:26 145

Елімізде 2000-ға жуық әскери медицина қызметкерлері Қарулы күштерде профилактикалық және пандемияға қарсы іс-шараларды жүргізіп, азаматтық денсаулық сақтау мәселесіне жәрдемдесуде, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қорғаныс министрлігінің Елордадағы Бас әскери клиникалық госпиталі 180 орындық карантиндік және провизорлық стационарға, Алматыдағы әскери клиникалық госпиталі 230 орындық инфекциялық стационарға айналды. Талдықорған қаласындағы 35 орындық әскери госпиталь және Үшаралдағы 70 орындық әскери лазарет инфекциялық және провизорлық стационар ретінде жұмылдырылған. Коронавируспен ауыратын науқастарды қабылдау үшін әскери-медициналық қор басқа елді мекендерде де әзірленген.

Қарағанды әскери лазаретіндегі медициналық персоналдың 15 адамы облыстық клиникалық аурухана базасындағы провизорлық госпиталь жұмысына жұмылдырылса, Ақтөбе, Аягөз, Гвардейск, Сарыөзек, Семей, Өскемен жеті әскери-медициналық мекемелерінде жергілікті карантиндік, провизорлық, инфекциялық стационарлардың жұмысына қатысу үшін саны 60 адамнан астам дәрігерлік-мейірбике бригадалары дайындалды.

Әскери-медициналық мекемелерде 700-ден астам карантиндік, провизорлық және инфекциялық пациенттер ем қабылдуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив