Түрмеден Skype арқылы дәрігер-анасын құттықтады – ШҚО
![](/kz/uploads/posts/iblock/c24/c2450261912ad5b099013151c1b9d67b.jpg)
Қатаң режимдегі колония жазасын өтеп жатқан ер адамға «Skype» арқылы дәрігер-анасын медицина қызметкері күнімен құттықтауға мүмкіндік берді.
Қамаудағы Александр Харитонов 10 жылдан бері Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД ОВ 156/6 қатаң режимдегі колониясында жазасын өтеп жатыр. Дәрігерлер күні мерекесі қарсаңында Александр колонияның басшылығына анасын интернет арқылы құттықтағысы келетінін жеткізген. Басшылық сотталушының өтінішін орындады.
"Мама, сені медицина күнімен құттықтаймын. Сіз ақхалаттар арасында да, әйелдер арасында да, жақсы адамдар арасында да ең үздік болыңыз. Жұмыста бәрі жақсы болсын, сенің ынта-жігерің және талабың кез келген микроб пен қайғының бактериясын жеңсін. Сіздің қиын жұмысыңызда табыс пен сәттілік тілеймін, жақсы көремін, қатты сағындым, - деді қамаудағы адам.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінде колонияларда жазасын өтеп жатқандар коронавирустық инфекцияға байланысты карантиндік және шектеу шараларна орай түзету мекемелеріндегі күн тәртібіне сәйкес тек сөйлесуге ғана рұқсат етілген, сондай-ақ сотталғандар алдын ала өтініш жазып, бейнеқоңырау және скайп интернет-ресурсы арқылы сөйлесе алады.