KZ
Өскемен
-4°
небольшая облачность жел 4 м/с, Ю
522.91 548.85 5.05

Алтайда 700-ден астам ардагер әлеуметтік көмекті үйден алып отыр - ШҚО

16.06.2020, 10:07 166

Егде жастағы адамдарға қолдау көрсетуді Алтай аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығының мамандары жүзеге асыруда.

Орталықтағы зейнеткерлерге арналған 20 орынды күндізгі стационар 2013 жылдан бастап жұмыс істейді. Бөлімде қарт адамдар медициналық кеңес, массаж сеансын, физиотерапия, фитотерапия алып, емдік дәрі-дәрмектер қабылданады. Сонымен қатар психологиялық сабақтар, тренингтер, мастер-клас, байқау, көрмелер, мәдени, музыкалық және ойын-сауық бағдарламалар, өмір жолы өзгеше, ерекше адамдармен кездесулер өтіп, фильмдер көреді, газет-журнал, кітап оқып, сауат ашады.

- Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызметтерін үйде 705 жалғызбасты ардагер алып отыр. Ондағы әлеуметтік қызметкерлер барлық қажетті көмек көрсетумен қатар, егде адамдарды «Ұзақ та, жақсы өмір сүр», «Қарт адамның мәдени демалысы», «Әлеуметтік туризм», «Кәрілік кезіндегі хобби», «Таза сана», «Музыкалық терапия», «Компьютерлік сауаттылық мектебі», «Виртуалды туризм», «Өмір түстері», «Сіздің құқығыңыз», «Қауіпсіздік мектебі» сияқты ойын-сауық жобаларға қатыстырады. Одан бөлек тақырыптық пікірталастар өткізіліп,  мерекелік шараларға жиі болады, - дейді Алтай ауданы әкімдігінің ресми сайтында.

Әлеуметтік қызметкерлерінің барлық ынта-жігерінің нәтижесінде қарт адамдардың көкжиектері кеңейіп, өміршеңдігі, шығармашылық қабілеттері артқан.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу