KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 1 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Әлеуметтік орталық құрылды

12.01.2013, 18:00 103


Аякөз аудандық әкімдігіне қарасты аумақтық көмек көрсету орталығында сегіз түрлі әлеуметтік, педагогикалық, медициналық көмек көрсетіледі. Аудан көлемінде мүмкіндігі шектеулі 18 жасқа дейінгі және асқан балалардың ұзын саны 117 болса, көпшілігіне үйден көмек көрсетіледі деп хабарлайды Altaynews kz тілшісі.

Орталықтағы үйден көмек көретілетін 160 адам тұрмысы төмен отбасылар болса, 40 қария төсек тартып жатқандар. Орталықтағы әлеуметтік мамандар әр қайсыларының үйлеріне барып, олардың тамақтануы, төсек орыны,үй жайының біраз жұмыстарын атқарады. Үйден әлеуметтік жәрдем алатындарға бір уақыт түскі асы орталықтан тегін беріледі. Үйде жасалатын әлеуметтік көмектің тағы бір түрі -- зейнетақыларын апарып беру, түрлі деңгейдегі мүгедектік құжаттарын реттеу, заң кеңестерін беру.

Орталықта қызмет көрсетуге қолайлы жағдайдың барлығы жасалған. Мұнда олардың демалатын орындары бар, қол еңбегімен айналысады, дәрігерлердің ем-домы уақытында жасалып тұрады.

Орталықтағы сал болып қалған мүгедек балалардың біршамасы қазір қатарға қосылған. Аумақтық әлеуметтік көмек көрсету орталығының директоры Гүлнұр Тоқтаболатованың айтуына қарағанда, жағдай жасаса мүмкін емес нәрсе жоқ. Өткен жылы аудан әкімінің көмегімен алынған, сал болып қалған балалардың жүріп тұруын қалыптастыратын үрмелі костюмдердің арқасында бес бала өз бетімен жүре бастаған.

Соңғы жылдары аумақтық орталықтың материалдық базасы жақсарған, 5 млн.теңгенің ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Алдағы жылы орталыққа 7 млн. теңге бөлініп, Баршатас, Мәдениет, Ақши, Ақтоғай елді мекендерінде жартылай стационар ашылады, оған арнайы мамандар бөлінген.

Мәлімет көзі Altaynews kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив