KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность жел 2 м/с, З
483.23 534.74 5.12

«Журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін» ШҚО әкімінің сыйлығына байқау жарияланды

12.06.2020, 06:02 167

 Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жыл сайынғы «Журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін» сыйлықтарын тапсыру үшін бірнеше номинациялар бойынша журналистер арасында үздік материалдарға байқау жариялайды.

 1. Жалпы ережелер

 1.1.    Шығыс Қазақстан облысы әкімінің сыйлығы үшін журналистер арасындағы байқау Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық және дамуының өзге де өзекті мәселелерін жариялайтын өңірлік және республикалық БАҚ-та жұмыс істейтін журналистер, 10 000-нан кем емес жазылушылары бар (достары) блогерлер/қоғамдастықтар әкімгерлері арасында өткізіледі. Байқаудың ұйымдастырушысы – Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы болып табылады.

1.2.    Шығыс Қазақстан облысы әкімінің сыйлығы үшін журналистер арасындағы байқау Шығыс Қазақстан облысының дамуына және тыныс-тіршілігіне ақпараттық қолдау көрсетуге бағытталған облыстық ауқымдағы іс-шара болып саналады.

1.3.    Байқауға қатысу үшін қатысушылар байқауға қатысуға арналған сауалнама нысанын (Қосымша 1) толтырып, сауалнамада нақты аталымын немесе аталымдарын көрсету және жарияланымдарын ұсыну қажет.

 

2. Байқауды ұйымдастыру тәртібі

 

2.1.     Байқауды өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің және ішкі саясат басқармасының веб-сайттарында орналастырылады.

2.2.    Барлық номинациялар бойынша байқауға қатысу үшін материалдар қағаз немесе электронды түрде 2020 жылғы 24 маусымға дейін:

-                қағаз түрінде – ШҚО, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40,                   (Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ғимараты) 2-қабат, 237 кабинетке;

-                электоронды түрде «Байқауға» деген белгімен u.kantselyaria@akimvko.gov.kz электронды мекенжайына ұсынылады.

2.3.    Байқау келесі аталымдар бойынша өткізіледі:

-       «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» (ҚР Президенті Жолдауының ШҚО іске асырылу барысын жария ету);

-       «КВИ алғы шебінде» (коронавирустық инфекцияның алдын алу және таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды жария ету, рейдтерге қатысу);

-       «Абай мұрасы» (Абайдың өмірі, шығармашылығы, мұрасы және оның қазіргі қоғамдағы рөлі туралы аналитикалық материалдар);

-       «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» (өңірді дамыту мәселелері бойынша билік пен азаматтық қоғам диалогын жария ету);

-       «Рухани жаңғыру» («Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларының ШҚО іске асырылуын жария ету);

-       «Biz birgemiz» (волонтерлық қызметті жария ету);

-       «Адал ұрпақ» (сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған материал);

-       «Өр Алтай» (әлеуметтік желідегі ШҚО туралы үздік бейнематериалдар);

-       «Объективтегі өмір» (видеооператорлар мен фототілшілерге арналған аталым);

2.4.             Сыйлық лауреаттары байқау комиссиясымен анықталады                    (бұдан әрі – Комиссия). Қандай да бір нақты номинациялар бойынша лайықты жеңімпаздар анықталмаған жағдайда, Комиссия осы номинацияға белгіленген қаржыны басқа номинацияларға бөлуге немесе ынталандыру сыйлықтарына жұмсауға құқылы.

2.5.             Соңғы 3 жыл ішінде облыс әкімінің сыйлығына ие болған журналистердің жұмыстары қарастырылмайды.

2.6.             Өтініштерді қабылдау уақыты аяқталған соң, материалдар қарау және бағалау үшін байқау комиссиясының мүшелеріне беріледі.

2.7.             Комиссия шешімі қатысушы комиссия мүшелері санының көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

2.8.             Комиссия отырысы оның мүшелерінің 2/3 бөлігі отырысқа қатысқан жағдайда ғана заңды болып табылады.

2.9.         Комиссияның шешімі хаттама арқылы рәсімделеді.

2.10.        Комиссия мүшелері, сондай-ақ облыс әкіміне грамоталар және алғыс хаттармен марапаттауға лайықты үміткерлер туралы ұсыныстар енгізеді.

2.11.        Сыйлықтарды Шығыс Қазақстан облысының әкімі немесе облыс әкімінің орынбасары табыстайды. Сыйлықтар тиісті дипломды табыстау арқылы беріледі.

 

3.                             Байқау материалдарын бағалау және іріктеу процедурасы

 

3.1.             Байқаудың жеңімпаздары ұсынылған материалдар негізінде Комиссия арқылы келесі талаптар бойынша анықталады:

·              белгіленген тақырыпқа сәйкестік;

·              жаңашылдық;

·              көтерілген мәселелердің өзектілігі және шығармашылық талдануының тереңдігі;

·              мазмұндау стилі мен тілі, техникалық сапасы;

·              авторлық тұжырымдаманың дербестігі;

·              жарияланымда немесе дыбыстық-визуалдық жұмыста мазмұндалған ақпараттың нақтылығы мен шынайылығы;

·              журналистиканың этикалық принциптеріне сәйкестігі;

·              материалдардың объективтілігі;

·              кәсібилік және мазмұндай шеберлігі;

·              мәселенің қойылуы және оны жан-жақты ашып көрсету;

·              жұмыстардың шығармашылық толымдығы;

·               сыртқы безендірілуі.

 

4.                             Өтініштерді беру тәртібі

 

4.1.             Облыс әкімінің сыйлығына үміткерлердің кандидатураларын бұқаралық ақпарат құралдарының редакциялары ұсынады немесе өз бетімен ұсынылады.

4.2.             Ұжымдық номинациялар бойынша БАҚ-тың уәкілетті органда есепке алынғандығы туралы куәлік нөмірін көрсету арқылы, бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі өтініш береді.

4.3.             Бір үміткер екі не одан көп номинацияға ұсынылмайды.

4.4.             Конкурсқа 2020 жылдың 24 маусымы аралығында қазақ және/немесе орыс тілінде шыққан немесе жарияланған материалдар қабылданады.

4.5.         Конкурска жіберілген материалдар келесі форматта болуы мүмкін:

-       видеоматериалдар;

-        мәтіндік басылымдар;

-       фотосуреттер.

 

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив