Биыл туалет мәселесі қалай болады - Алакөл
Биыл ШҚО-ның туристік аймақтарына 17 әжетхана орнатылады. Оның 10-ы Алакөлге қойылады деп жоспарланған.
Нақтырақ айтсақ, жағажайда жиыны 10 әжетхана және құтқарушылар бекеті, сондай-ақ киінуге арналған орындар салынатын болады. Бұл жұмыстарға 64 миллион теңге бөлінген.
- Қазірге дейін алты биодәретхана орнатылды. Жуықта тағы төртеуін қою жоспарда бар, - деді аудан әкімі Нұржан Тоқсейітов.
Оқи отырыңыз