Бас шаһардың төрт қақпасына «Oskemen» жазуы бар тұғыр қойылады – ШҚО
Шығыстың бас шаһарының төрт қақпасына «Oskemen» жазуы бар тұғыр қойылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жаңа мүсіндік композиция Алматы, Семей, Самар, Шемонайха тасжолдары арқылы қалаға кіретін тұсқа орнатылады. Тұғырға жарық шамдар қойылатындықтан қала атауы күндіз ғана емес, түнде де алыстан самаладай жарқырап көрінбек.
Қазір жұмысшылар аталмыш аумақтарды абаттандырып жатыр. Мердігер компанияның мәлімдеуінше, «Oskemen» жазуы бар тұғыр тамыз айының ортасын дейін толық салынып бітеді.
Оқи отырыңыз