KZ
Өскемен
-18°
туман жел 1 м/с, З
515.31 533.96 5.3

Үржар ауданында коронавирус жұқтырғандардың саны 11 адамға жетті

4.06.2020, 17:40 105

Осы уақыттағы жағдай бойынша Үржар ауданының Мақаншы ауылында коронавирус инфекциясын жұқтырған 11 азамат тіркелді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Науқастар қазіргі таңда инфекциялық стационарда тиісті ем қабылдауда. Айта кету керек, араларында вирус жұқтыру фактісі ПЦР әдісі бойынша жүргізілген зертханалық талдау нәтижесімен расталған, алайда, симптомы әлсіз топқа кіретін адамдар бар. Олар алгоритмге сай, оқшауланған. Инфекция ошақтарына жергілікті полиция қызметкерлерінен күзет қойылды.

Науқаспен байланыста болған азаматтар анықталды. Жаңа ошақта байланыста болған азаматтардан ПЦР тестілеуге тиісті сынамалар алынып, зертханалық талдауға жіберіледі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу