KZ
Өскемен
+23°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, Ю
443.44 480.51 4.88

ШҚО-да жабайы үйрек қырылып жатыр

28.05.2020, 10:19 258

Борадулиха ауданындағы шағын көлдің жағасынан 150-ге жуық өлі үйрек табылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Жаппай қырылған құстарды жергілікті тұрғындар байқапты. Қазір ол жерде эпидемиологтар мен аумақтық орман және жануарлар әлемін қорғау инспекциясының мамандары жұмыс істеп жатыр.

Олар көл суынан сынама, ал өлген үйректерден биологиялық-материал алып, елордадағы арнайы  зертханаға жіберді. Ал құстардың неден қырылғаны туралы орнитологтар да, ештеңе айта алмай отыр. Зертханалық талдау нәтижесі 3 күннен соң шығады.

– Өлген үйректердің саны анықталды. Комиссиялық акт бойынша 150 дей үйрек өлген. Санап, актілеп, утилизацияға өртеуге шешім қабылданды.  Не себептен өлгені зертхананың қорытындысынан кейін белгілі болады, - дейді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемін қорғау аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Санақбек Кітапбаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив