Семейде коронавируспен тағы 1 адам тіркелді ⠀
![](/kz/uploads/posts/iblock/f0f/f0f384167ae6e6b3c65bc6d1f9a97923.jpg)
COVID-19 вирусы Ресей Федерациясынан келген 2001 жылғы студент қызда расталды.
⠀
«Ауыл» шекара бекетіндегі санитарлық-карантиндік бөлімде эпидемиолог мамандар байланыссыз термометриядан өткізген. Сауалнама жүргізу барысында денсаулыққа шағымдары болмаған, деп хабарлайды ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Алгоритмге сәйкес, экспресс-тестілеуден де өткен, нәтижесі - теріс. Мамандар 14 күн үй карантинінде болу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізген.
⠀
- Семей қаласына келген соң тұрғылықты жері бойынша дәрігерлердің бақылауға алынды. Медицина қызметкерлермен денсаулық жағдайын бағалау үшін ПТР әдісімен қайтадан тексеру үшін биологиялық материалдарды сынамаға алады. ПТР зертханалық зерттеу нәтижелері COVID-19 вирусын растады, - деп хабарлады әкімдік.
Қазіргі уақытта науқас инфекциялық стационарға жатқызылып, тиісті ем алуда. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда
⠀
Айта кетейік, қазіргі уақыттағы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 59 адам тіркелді.