«80 мыңнан 600 мыңға дейін айыппұл». Карантин режімін бұзғандар қалай жазаланады?
Карантин режімін сақтамағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады немесе қомақты айыппұл төлейді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты:
«Қатаң шектеу шараларын жүзеге асыру кезінде жағдай үнемі бақыланып, қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі сараланып отырады. Карантин режимі мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін азаматтар 30 АЕК көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын еске салғым келеді. Ал, кәсіпкерлік субъектілері 230 АЕК-тен жоғары көлемде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Тиісті нормативті-құқықтық акт осы аптада тағайындалатын болады».