Өскемен полициясы ойын алаңдарын лентамен қоршап жатыр
![](/kz/uploads/posts/iblock/8a4/8a4b9ea738d8f3dfede0c3ed0ee62035.jpg)
Өскеменде полиция қызметкерлері үй ауласындағы балалардың ойын алаңдарын лентамен қоршап жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Кейбір қала тұрғындары бұл жағдайға таңданыс білдіруде. Ал облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, аталмыш іс-шаралар кішкентай бүлдіршіндердің қауіпсіздігі үшін жасалып жатыр. Өйткені карантиннің маңызын жете түсінбеген ата-аналар бар көрінеді.
Қазіргі уақытта балалармен бірге серуендеу өте қауіпті. Ата-аналарға осыны ескертіп айтқымыз келеді. Ал бүлдіршіндердің ойын алаңдарында топтасып ойнауына мүлдем болмайды, – деп мәлімдеді ШҚО ПД.
Сондай-ақ, өздеріңізге белгілі, ойын алаңқайлары күн сайын арнайы құралдармен дезинфекцияланады.