Каратин кезінде ШҚО мен РФ шекарасынан 10 мыңнан астам адам өткен
Шығыс Қазақстан облысы мен Ресей шекарасын карантин кезінде 10 мыңнан астам адам кесіп өткен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы облыстың бас санитарлық дәрігерінің орынбасары Марат Исмаилов эпидемиологиялық жағдай туралы баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Маманның айтуынша, «Уба» және «Ауыл» шекаралық пункттерінде әрбір жолаушының дене қызуы өлшеніп, экспресс-тест жасалып, сауалнама толтырылады. 22 сәуірде жүргізушілерді қосқанда 10 437 адам шекарадан өткен.
Оқи отырыңыз