Төтенше жағдай: Риддер-Сокольный кенішінің жұмысшылары эвакуацияланды
![](/kz/uploads/posts/iblock/6e3/6e3589f3314d809aa54549685e7fe6e4.jpg)
Риддер-Сокольный полиметалл кен орнында түтін шығып, кеншілер эвакуацияланды.
«Бүгін, 14 сәуірде Риддер-Сокольный кенішінің жер астында түтін шықты. Оған қауіпсіздік ережесін сақтамау себеп болғаны анықталды. Кеніштегі 206 адам эвакуацияланды. Зардап шеккен немесе қаза тапқандар жоқ», – деп жазылған Риддер қалалық төтенше жағдайлар басқармасы ұсынған ақпаратта.
Отты өшіруге республикалық кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағының 11 қызметкері жұмылдырылған.
«Қазір жағдай реттелді. Түтін өшірілді. Кеніш жұмысы қайта жалғасты», – делінген ақпаратта.