KZ
Өскемен
-27°
туман Штиль
520.27 537.65 5.24

АҚШ-та коронавирустан бір тәулікте 1736 адам көз жұмды

9.04.2020, 03:56 72

АҚШ-та коронавирустан бір тәулік ішінде 1736 адам көз жұмды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.  

COVID-19 инфекциясының алдында алпауыт елдің өзі дәрменсіздік танытуда. Осы күнге дейін АҚШ-та 400 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған. Оның шамамен 13 мыңы көз жұмды. Оның көпшілігі – Нью-Йорк штатының тұрғыны. Аурулар қатары күн санап мыңдаған адамға артып жатқандықтан, ауруханалар оларды қабылдап үлгермей жатқан көрінеді. Науқастарды енді шіркеуге орналастырыла бастаған. 

Мәселен БАҚ ақпаратына сүйенсек, Нью-Йорктегі Иоанн Богослов кафедралдық шіркеуінде арнайы 9 шатыр құрылып жатыр. Оған 200 науқас сияды. Мәйіт көбейген соң Пентагон өңірге жерлеу бригадасын аттандырды. Сондай-ақ мың әскери дәрігер де көмекке келіп жетті.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу