KZ
Өскемен
-24°
туман Штиль
520.27 537.65 5.24

Алтайдағы азық-түлік дүкендерінің сатушылары жауапқа тартылып жатыр

8.04.2020, 05:35 146

Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданындағы азық-түлік дүкендерінің сатушылары жауапқа тартылып жатыр. Олар медициналық маска және қолғап киместен тұрғындарға қызмет көрсеткен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Өткен демалыс күндері Алтай ауданында міндетті санитарлық және эпидемияға қарсы іс-шараларды бұзу бойынша алты факті тіркелді. Айтып өткеніміздей, азық-түлік дүкендерінің сатушылары тұрғындарға медициналық маскасыз және қолғапсыз қызмет көрсеткен.

Осы орайда айта кетейік, «Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі қаулысына сәйкес сауда нысандарында халыққа қызмет көрсеткен кезде қызметкерлер бірреттік медициналық маска мен қолғап (3 сағатта 1 рет ауыстыру керек) кию тиіс.

Серебрянск қаласының полиция бөлімі мен Алтай ауданының прокуратурасы тексеру жүргізіп, Серебрянск қаласында тәртіп бұзған төрт адамды және Жаңа Бұқтырма кентінде екі адамды ұстады.

Төтенше жағдай режимінің талаптарын бұзған 6 азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 476 бабы 6 тармағы бойынша 5 сәуір күні №2 аудандық сотта WhatsApp мобильдік қосымшасы арқылы іс қаралды. Сот отырысында құқық бұзушылар өз кінәсін мойындады, оларға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 26 510 теңге айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу