KZ
Өскемен
-17°
туман жел 2 м/с, З
520.27 537.65 5.24

Өскемендегі үйлерден қоршау алынды

3.04.2020, 11:44 93

Өскемендегі бірнеше үйдегі қоршау алынды, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.

"Қабанбай батыр көшесіндегі төрт үй: 15, 17, 80, 84 мекенжайларына эпидемиологиялық іздестіру жұмысына байланысты қойылған қоршау алынып тасталды", - деп хабарлады Полиция департаменті.

Естеріңізде болса, таңертең Қабанбай батыр көшесі, 15, 17 ,80, 84; Потанин көшесі, 37 және Потанин көшесіндегі №2 медициналық-санитариялық бөлім оқшауланған болатын. Ол жерлерде медицина қызметкерлері мен тәртіп сақшылары жұмыс істеп жатқаны айтылған.

Тәртіп сақшылары бұдан өзге оқшауланған үйлердің ауласынан аулақ жүруді ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу