Өскеменде вирус жұқтырған адаммен байланысқа түскендер іздестірілуде
Өскеменде COVID-19 вирусын жұқтырған адам анықталғанан кейін, онымен байланысқа түскен азаматтар іздестірілуде. Бұл туралы Полиция департаменті хабарлады.
"Эпидемиологиялық іздестіру жұмысына байланысты, Қабанбай батыр көшесі, 15, 17 ,80, 84; Потанин көшесі, 37 және Потанин көшесіндегі №2 медициналық-санитариялық бөлім оқшауланды. Ол жерлерде медицина қызметкерлері мен тәртіп сақшылары жұмыс істеуде", - делінген ПД ақпаратында.
Тәртіп сақшылары тұрғындардан аталмыш мекенжайлардан аулақ жүруді өтінді.
Оқи отырыңыз