KZ
Өскемен
+18°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Коронавирус әлемнің 72 еліне тарап үлгерді

4.03.2020, 05:00 115

Коронавирус әлемнің 72 еліне тарап үлгерді. Соңғы деректерге сүйенсек, Қытайдан сырт елдерде қаза тапқандар саны 170-ке жуықтады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуінше, әлем бойынша 90 870 адам вирус жұқтырды, олардың ішінде 80 304 адам – қытайлықтар. Қалған 10 566 адам әлемнің 72 елінде анықталды.

Қытайда коронавирустан қайтыс болғандар саны 2946 адам және басқа елдерде 166 адам болды. 

Вирус жұқтырғандар Португалия, Сауд Арабиясы, Тунис, Марокко, Латвия, Андорра, Иордания және Сенегалда тіркелді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив