«Шешім қабылданды». ШҚО-да 9 перзентхана салынады
Шығыс Қазақстан облысында 9 перзентхана салынады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов Қоғамдық кеңеспен есепті кездеусінде айтты.
– Қазіргі уақытта өңірдегі жүкті әйелдердің 80 пайызы Өскемен және Семей қалаларында босанады. Неліктен? Кезінде әлдекімдер үлкен кемшілікке жол берген. Бала өмірге келгенде, туыс-туған түгел жиналып, қуанышты бірге қарсы алу керек. Ал біз ана мен баланы олардан жүздеген шақырымға алыстатып алып кетеміз, – дейді аймақ басшысы.
Осы себепті облыс көлемінде 2-ші деңгейлі 9 перзентхана салу туралы шешім қабылданды. Оның бесеуі шекара маңындағы аудан орталықтарында болады.
– Бұл перзетханалар ең жоғары стандарттарға сәйкес жабдықталады, – деп түйді Даниал Ахметов.