ШҚО тұрғыны екі аптадан бері табылмай жатыр
Шығыс Қазақстан облысында 54 жастағы әйел із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Нұргүл Сарымбаева – Ұлан ауданына қарайтын Алғабас ауылының тұрғыны. 1965 жылғы. Volontery_uka_LIDER.KZ-тің мәлімдеуінше, 13 қаңтар күні таксимен Өскеменге шыққан. «Заречный» базарының маңына келіп түскен. Содан бері хабар-ошарсыз. Үстінде көк куртка, басында қою-көк түсті тұмақ, аяғында қара етік, жанында жеке куәлігі мен аздаған ақша болған екен.
Volontery_uka_LIDER.KZ тобының еріктілері көрген-білгендердің 8-771-466-54-38 номеріне хабарласуын сұрайды.
Оқи отырыңыз