Зейнеткер өз үйінде жанып кетті - ШҚО
ШҚО-да зейнеткер өз үйінде жанып кетті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. Бұл туралы Семей Төтенше жағдайлар қызметі мәлім етті.
Оқиға 14 қаңтар күні түстен кейін Озерки ауылында болған. Өрт шыққан үйде зейнеткер әйел өзі жалғыз тұрған. Зейнеткерге көршісі қарайласып жүреді екен. Түскі сағат 12:00 шамасында отын жағып кеткен көршісі, араға төрт сағат салып әжейге барғанда, өрт гыққанын байқаған. Жалынның жалпы ауданы жеті шаршы метр. Құтқарушылар тобы өртті 17:27 кезінде ауыздықтағанымен 69 жастағы арбаға танылған әйел көз жұмған. Әзірше оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Оқи отырыңыз