KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
494.87 520.65 4.91

Ұшақ апаты. Оқиғаның хронологиясы

29.12.2019, 06:34 195

Алматы әуежайы Bek Air ұшағының апатқа ұшыраған сәтінің хронологиясын жариялады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы Baq.kz жазды:

05.35 – жолаушыларды тіркеу басталды; 

06.35 – тіркеу аяқталды;

07.03 – жолаушылар ұшаққа отырды;

07.21 – ұшты;

07.22 – ұшақ радардан жоғалып кетті;

07.24 – ұшулар жетекшісі әуежайдың апаттық құтқару жеке құрамына дабыл қақты (оған іздестіру және құтқару қызметі, медқызмет, жолаушылар тасымалын ұйымдастыру, арнайы көлік қызметі кіреді);

07.27 – апаттық құтқару қызметі 6 "К" бөлігіне жұмылдырылды; 

07.35 – ұшулар жетекшісі 20 А шаршысында апат болғанын хабарлады;

07.36 – оқиға орнына өрттен құтқару жасағы келіп, 18 Б шаршысында қираған ұшақ туралы хабар берді. Жолаушыларды қауіпсіз жерге көшіре бастады;

07.39 – жасақ басшысы медициналық көмек туралы сұратты;

07.42 – оқиға орнына әуежайдың жедел құтқару командасының тұтас құрамы жетті;

08.10 – оқиға орнынан барлық жолаушылар түгел қауіпсіз жерге көшірілді.

Алғашқы минуттарда апаттан құтқаруға 22 техника, 83 адам жұмылдырылды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу