KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

"Өскемен-Алматы" пойызында өмірге ұл бала келді

26.12.2019, 04:38 222

"Өскемен-Алматы" пойызында босанған әйел өмірге ұл бала әкелді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның ақпаратына сәйкес, "Өскемен-Алматы" бағытындағы №351 пойызға мінген Виктория есімді жүкті әйелді күтпеген жерден толғақ қысқан. Осы сәтте пойыз бастығы дереу жедел жәрдемге хабар берген. Жолсеріктер жолаушылардың арасынан фелдьшер маман іздеп, вагоннан вагонға жүгірген көрінеді.

Пойыз таяу маңдағы Жарма бекетіне жеткенше, Матвейлер отбасының көптен күткен атқамінері дүниеге келіп үлгерген екен. Одан әрі ана мен бала жедел жәрдем мамандарының қолына табысталды.

Кейінірек отағасы Валера қоңырау шалып, жары мен сәбиінің дін амандығын айтып, пойыздағы қайырымды жандарға алғысын білдірді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив