KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 3 м/с, В
488.26 530.54 5.03

Газбен жүретін көліктер бұдан былай паркингтерге кіргізілмейді – ШҚО

25.12.2019, 05:39 210

– Елімізде көліктерін бензиннен газға ауыстырып жатқандар өте көп. Осыған байланысты өрт қауіпсіздігін күшейту мақсатында, Ішкі істер министрлігінің шешімімен, техникалық регламентке бірнеше өзгеріс енді, – деді Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі Ринат Қоңдыбаев, департаментте өткен баспасөз конференциясында.

Маманның айтуынша, жабық паркингтерге (тұрғын үй мен сауда кешендерінің астындағы көлік тұрақтарына), егер оның қабырғаларында жарылысқа төзімді арнайы бөгендер болмаса, газбен жүретін көліктер кіргізілмейді. Сондай-ақ көліктің жүсалғышында тез жанатын зат, май, газ баллондары болмауға тиіс. Жүксалғышында жанғыш зат бар көліктер мәшине жуатын бекеттерге де жіберілмеуі керек.

– Алдағы уақытта, депутаттар мақұлдаса, газбен жүретін көліктерге жапсыратын «наклейка» шығарылады. Бұл паркингтердің күзетшілеріне кімнің көлігі газбен жүретінін анықтап, біршама уақыт тексеріп тұрғаннан гөрі тиімді болмақ, – деді Ринат Қоңдыбаев.

Оның сөзінше, көлік багына газды барынша (100%) толтыруға болмайды. 85%-дан аспауы керек. Қазіргі уақытта бакты белгілі мөлшерден артық толтырмайтын арнайы қақпақтар бар.

– «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентіндегі бұл өзгерістер 29 желтоқсаннан бастап күшіне енеді. Көлігі газбен жүретін жүргізушілер бізге ренжімейді деп сенемін. Өйткені қауіпсіздік бірінші орында, – деді маман.

Айта кетейік, Өскемендегі жаңа АДК сауда үйінің астыңғы қабатында паркинг болады деп күтілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив