ШҚО – жемқорлық деңгейі ең төмен өңір - Алик Шпекбаев
Шығыс Қазақстан облысы – сыбайлас жемқорлық деңгейі ең төмен өңір, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың өзі айтты.
– Көпшілікке белгілі, кез-келген азамат агенттіктің 1424 номеріне хат жолдау арқылы жемқорлық фактілері туралы хабар бере алады. Күніне кем дегенде, 9-10 хат менің көз алдымнан өтеді. Сараптамаға сәйкес, хабарламалар көбінесе Оңтүстік аймақтардан келіп түскені белгілі болды. Сондай-ақ Шығыс пен Солтүстік жемқорлық деңгейі ең төмен өңірлер екеніне көз жеткіздік, – деді А.Шпекбаев.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өскемендегі С.Серікбаев атындағы ШҚМУ-да Алик Шпекбаевтың қатысуымен студенттер форумы өтуде.