Өскеменнің студенттері қар күреуге шықты
Қазақстан-Американдық еркін университетінің белсенді студенттері «Үлбі» халыққа қызмет көрсету орталығының қарын күреп, ондағы қарттарға көмек көрсетті, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.
– Орталыққа бастап келетін жолдарды 30-дан астам ҚАЕУ университетінің студенті тазалап берді. Оларға біздің орталыққа келушілер ризалығын білдірді. Бұл қайырымдылық акциясын қаланың басқа да тұрғындары іліп алып кетеді деп сенеміз, – деді орталықтың директоры Сәния Аубакирова.
Айта кетейік, Өскеменнің шаруашылық қызметі техника жетіспеушілігінен қар күреп үлгере алмай жатқанын хабарлаған.
Оқи отырыңыз