KZ
Өскемен
-9°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
518.14 537.57 5.27

Адамды әсіредіншіл ететін мына факторлар - дінтанушы

14.12.2019, 05:43 184

Дінтанушы. PHD докторы, ҚМДБ жанындағы ғұламалар кеңесінің мүшесі Мұхан Исахан адамның әсіре діншілдікке бейім болуының бірнеше себебін атап көрсетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Маманның айтуынша, адамды діни экстремизм мен радикализмге итермелейтін көптеген себептер бар. Соның бірі психологиялық фактор. Дінтанушы-ғалым аталмыш себептердің бірсыпырасын  былай тізбелеп көрсетті:

– бала кезден ой-өрістің дұрыс жетілмегенінен;
– психологиялық ауытқушылыққа ұрынғандықтан;
– отбасы бақытын сезіне алмағандықтан;
– қылмыс жасап, одан арылу үшін діннен жұбаныш іздейді;
– адам қоғамда өз орнын таппағандықтан, теріс діни ортаға қосылады;
– өмірден әділетсіздік көріп, оның есесін алу үшін қатты діни ұстанымға барады;
– исламға көзсіз еліктеушіліктен;
– тағдыр тауқыметін тартып, психологиялық күйзеліске түскендіктен.

"Әрине, басқада психологиялық факторлар болуы мүмкін. Бұл біздің оңалту жұмысы кезінде көз жеткізгендеріміз ғана",- дейді  Мұхан Исахан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу