KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 3 м/с, ОБ
481.84 531.33 5.07

Сіздің мінезіңіз қандай?

9.12.2019, 09:38 196

Суреттен көзіңізге бірден түскен және өзіңізге ұнаған есікті таңдаңыз.

№1 есік

Егер сіз бірінші есікті таңдасаңыз, өте төзімді адамсыз. Өзгелердің жағдайын сіз сияқты жақсы түсінетін ешкім жоқ. Сіздің жүрегіңіз нәзік, болмысыңыз ерек. Мінезіңіз ашық. Жарқын көңіліңізбен адамдарды тез баурап аласыз. Бәлкім, бір сәтке болса да өзіңізге көңіл бөлерсіз? Сізге айтар кеңесіміз, бір күніңізді өзіңізге арнаңыз. Саяхаттаңыз, тынығыңыз, кітап оқыңыз, жақсы фильм көріңіз.

№2 есік

Екінші есікті ашқан болсаңыз, сіз қарапайым адам емессіз. Бойыңызда шығармашылық дарын бар. Сіздің ерекше дарыныңыз бен көп қырлы қабілетіңізге өзгелер қызғанышпен қарайды. Тіпті олардың қатарында достарыңыз да бар. Сәнді киінесіз, соңғы сән үлгісіндегі киімдерді үйлестіре білесіз.

№3 есік

Үшінші есікті ұйымдастырушылық қабілеті басым адам ашады. Сіздің ішкі түйсігіңіз жақсы дамыған. Соның арқасында өмірлік жолыңызды жаңылмай тауып келесіз. Есепке және құнды қағаздармен жұмыс істеуге ширақсыз. Алдыңызда отырған адамның ойын тез оқып қоясыз. Сол себепті сізді алдап, тақырға отырғызу өте қиын. Өзгелерге не керек екенін жақсы білесіз. Мақсатыңыз айқын.

№4 есік

Төртінші есіктің иесі өте құпия адам. Өзіңіз жайлы өзгелердің сөз тасығанын аса ұнатпайсыз. Өмірде өз жолыңызды нақты айқындаған болсаңыз, ағысқа қарсы жүзуге де дайынсыз. Ішкі сырыңызды көп аша бермейсіз. Сіз турасын айтатын, бірбеткей адамсыз. Ал, тура биде туған жоқ.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив