Сіз қандай жансыз?
Суретке зер салып, көзіңізге бірден түскен элементті таңдаңыз.
1. Кеме
Назарыңыз бірден кемеге ауса, сіздің аңғалдығыңызда шек жоқ деген сөз. Әлі де бала сияқтысыз сенгішсіз. Арманшыл және үнемі қиялыңызға ерік бересіз. Көңіліңіз таза, пейіліңіз ақ. Тез қуанып, тез өкпелеп қалатыныңыз бар. Жауапкершілігіңіз өте жоғары. Берілген тапсырманы бұлжытпай үнемі өз уақытында орындайсыз. Кемені таңдағандар көбіне шығармашылыққа жақын келеді.
Кемшілігіңіз – мәселенің ақ-қарасын ажыратпай жатып, шешім қабылдайсыз. Өте шыдамсызсыз. Алға қадам жасауға жасқанасыз. Мұндайда бойдағы қорқынышты жеңу қажет.
2. Теңіз
Теңізді немесе көз, қас, мұрын, ауыз, құлақ, ерінді байқасаңыз, сіз өте ұстамды әрі мейірімді жансыз. Ерекше ақылдысыз. Айналаңыздағылар сізден кеңес алып, ақыл сұрағанды ұнатады. Шулы ортада жүргенді ұнатпайсыз. Сіз үшін ең бастысы – тыныштық.
Кемшілігіңіз – өзіңізді үнемі екінші орынға қоясыз.
3. Жазу
Егер сіз жазуды байқаған болсаңыз, өте зерек әрі қырағы жансыз. Мәселенің бабына жетпей, шешім қабылдаудан аулақсыз. Сіз қиындық атаулының бәрінен жол табасыз. Өзгелердің пікірі сіз үшін маңызды емес. Бүгінмен өмір сүресіз. Өткен күнін ойлап өкіну сіз туралы емес.
Кемшілігіңіз – өзгелердің пікірін құлаққа аспау. Кейде шешім қабылдарда жақындарыңызға құлақ түруіңіз керек.
4. Адам
Кеме, теңіз, жазу сынды элементтерден бұрын адамның басын байқаған болсаңыз, онда сіз ұсақ-түйекке назар аудара бермейтін, болмашы нәрсеге бордай езіле қоймайтын жансыз. Шыншылсыз және шынайылықты талап етесіз. Мінезіңіз тік, қаталдық басым. Өте қырсықсыз. Егер де бір жаннан көңіліңіз қалса, ол адаммен байланысты оп-оңай үзе саласыз. Ешкімге екінші, үшінші мүмкіндік бермейтін адамсыз. Сондықтан да, достарыңыз аз және махаббатта жолыңыз бола бермейді.
Кемшілігіңіз – басқалардың көңілін ойламайсыз.