Глубокое кентінде Мәдениет үйінің құрылысы басталды
Глубокое кентінде Мәдениет үйі салынып жатыр. Оның ғимаратында би үйірмелері, бильярд, кітапхана сынды бірнеше мекеме орналасады.
– Ғимараттың екінші қабатында кітапхана, кітап сақтау қоры болады. Оқырмандарға арнлаған 24 орын бар. Сондай-ақ онда киномеханика, кинофотолаборатория және бірнеше үйірме ашылады, – дейді бөлім маманы.
Ауданның құрылыс, архитектура және қала құрылысы бөлімінің мәліметінше, әзірге «ЭЛХОН» мердігерлік компаниясы ғимараттың орынын тегістеп, дайындап жатыр.
Ғимараттың құрылысы біткеннен кейін мердігер мекеме оның ауласының да құрылысымен айналысады. Тасжол төсейді, тал егіп, көгалдандырады.