KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 2 м/с, З
489.36 533.45 4.99

Өскемендегі "Сергек" камералары жалған айыппұл жазып жатыр

6.12.2019, 06:14 167

Өскемендегі «Сергек» камералары жүргізушілерге жалған айыппұл «жазып жатыр». Қала тұрғындары шағым түсірді.

– Ауа райының қолайсыздығына байланысты Бабкина ауылындағы диірмен (Үлбі өзенінен өтетін көпір) тұсындағы камера бұзылған. Автоматты түрде айыппұл тіркей берген. Қазір ол жөнделді. Қате жазылған айыппұлдар өшірілді, – дейді «Көркем Телеком» ЖШС баспасөз қызметкері.

Ал жүргізушілер жалған айыптың алынғанына қуанса да, оның рәсімдейтін құжатқа біршама уақыт кететінін айтады. Қайтадан арыз жазғаннан бастап, толық іс жабылғанға дейін көп уақыт керек.

«Көркем Телеком» мұндай істердің болашақта автоматты түрде іске асырылатынын айтады.

Айта кетейік, 8 (7232) 60-62-82 байланыс телефоны арқылы осыған ұқсас жағдайларда кеңес алуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив