KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 4,7 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Қазақстанда төрт педофилге химиялық кастрация жасалады

3.12.2019, 05:11 196

Қазақстанда сотты болған төрт педофилге химиялық кастрация жасалады, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Сот үкімі бойынша бұл шара Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақмола облысы мен Шымкент қаласындағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан төрт педофилге қолданылмақ. Медицина қызметкерлері толық тексергеннен кейін, химиялық кастрация түрінде мәжбүрлі емдеу шаралары жүргізіледі, - делінген ІІМ ҚАЖК хабарламасында.
Қазірдің өзінде, 11 педофилге осындай жаза тағайындалған. Құқықтық статистика комитетінің ақпаратына сенсек, соңғы екі жылда 15 адамға химиялық кастрация түріндегі жаза қолданылыпты.
Естеріңізде болса, осыған дейін химиялық кастрация жасалатын үш педофилдің үкімі шыққан болатын. Олар Шығыс Қазақстан облысында (63 жастағы ер адам - жас балаларға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері мен жас балаларды зорлау), Қызылорда (32 жастағы ер адам жас баланы зорлауға оқталғаны үшін) және Қарағанды облысында (29 жастағы жігіт жас балаға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері үшін) сотталған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив