KZ
Өскемен
-11°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
496.71 531.33 5.55

ШҚО-ның төрт ауданы жаңа жұмыс кестесіне көшті

Фото: Зайсан ауданы әкімдігі

Кеше, 09:00 153 Төлеуғазы Жансая

Наурыз айынан бастап Шығыс Қазақстан облысының төрт ауданында жұмыс кестесі ресми түрде өзгерді. Енді Тарбағатай, Зайсан, Күршім және Самар аудандарында жұмыс күні таңғы 08:00-де басталып, 17:30-да аяқталады. Түскі үзіліс уақыты – 12:00-ден 13:30-ға дейін, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жаңа кесте өңірдің табиғи ерекшеліктеріне байланысты енгізілді. Бұл аудандарда күн ерте шығып, ерте батады. Жұмыс уақытын ыңғайлы ету арқылы тұрғындар күндізгі жарықты тиімді пайдалана алады.

Жаңа тәртіп мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға қатысты. Алайда, мектептер, балабақшалар және медициналық мекемелердің жұмыс уақыты өзгермейді, себебі олар бұрыннан осындай кестеге сай жұмыс істеп келеді.

Зайсан ауданының әкімі Аэлита Ахметсəлімқызы бұл шешім тұрғындардың пікірі ескеріле отырып қабылданғанын айтты.

– Бұл өзгерістер жергілікті халықтың ұсынысымен енгізілді. Біз әр ауылдық округте кездесулер өткізіп, тұрғындардың пікірін білдік. Халық бұл бастаманы қолдады. Себебі біздің аудан облыстың шығыс шекарасына ең жақын орналасқан, күн ерте шығады, сондықтан жұмысты да ертерек бастаған тиімді. Осылайша, адамдар кешкі уақытын отбасы мен жеке шаруаларына арнай алады, – деді аудан әкімі.

Самар ауданының орталық кітапхана директоры Гүлмира Бакиргалова бұл өзгерісті оң бағалады.

– Біз бұған дейін де осындай жұмыс тәртібі қажет екенін айтып жүргенбіз. Енді қыс мезгілінде жұмысты ертерек аяқтауға, ал жазда уақытты тиімдірек бөлуге мүмкіндік туды, – деді ол.

Еске сала кетейік, бұл жаңашылдық алғаш рет қаңтар айында Катонқарағай ауданында енгізілді. Ақпан айында Үлкен Нарын мен Марқакөл аудандары жаңа кестеге ауысты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу