KZ
Өскемен
-16°
пасмурно жел 1 м/с, С
496.71 531.33 5.55

«Fly Arystan» билет бағасын жасырын комиссия арқылы қымбаттатқан

Фото: pixabay.com

Кеше, 15:30 103 Гульжан Мусина

Монополияға қарсы орган «Fly Arystan» әуе компаниясының билет бағасын белгілеуде заңбұзушылық жасағанын анықтады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

Талдау нәтижесінде авиабилеттердің құны брондау кезеңінде автоматты түрде қосылатын жасырын комиссия есебінен өскені белгілі болды.

– Әуе тасымалдаушысы билет сату кезінде транзакция үшін қосымша комиссия алып, билет бағасын жасырын түрде көтерген. Бұл тәжірибе «drip pricing» деп аталады және еуропалық заңнамада толығымен тыйым салынған. Анықталған заңбұзушылықтарға байланысты авиатасымалдаушыға монополияға қарсы заңнаманы бұзуды тоқтату туралы хабарлама жолданды. Ол кейіннен орындалды, – деді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров.

Қазіргі уақытта агенттік ішкі әуе тасымалы нарығына монополияға қарсы талдау жүргізіп жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу