KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да «Шығыс адалдық алаңы» фронт-кеңсесі ашылды

30.10.2019, 04:35 227

 Жобаның мақсаты - сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, азаматтардың  мемлекеттік билік институттарына деген сенімін арттыру, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Шырайлы Шығыс порталына сілтеме жасап.

Фронт-кеңсенің ашылу салтанатына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент басшысының орынбасары Жігер Байдилдин, мәслихат депутаттары, қала және ауыл әкімдері, ардагерлер және БАҚ өкілдері қатысты.

- Біз қоғам үшін маңызды "Шығыс – адалдық алаңы" жобасын іске асырамыз, ол мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын көрсетіп, азаматтардың мемлекеттік билік органдарына деген сенімін арттыруға және ең бастысы – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне бағытталған, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Фронт-кеңседе жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің мамандары жұмыс істейді.

Кеңсеге келген қала тұрғындары жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін қажетті кеңес пен түрлі қызметтерді ала алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу