KZ
Өскемен
-17°
туман жел 1 м/с, СБ
518.14 537.57 5.27

Өскеменде волонтерлар кәмпит жинап жатыр

26.11.2019, 11:42 99

Өскеменде волонтерлар тобы акция бастады. Олар кәмпит жинап, Жаңа жыл мерекесінде балаларға сыйламақ, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Акцияны «Твори добро» еріктілер тобының волонтерлары жүргізіп жатыр. Олар аз қамтылған отбасылардағы балалар мен мүмкіндігі шектеулі балаларды мерекемен құттықтап, сыйлық жасайды.

Кәмпиттерді жинауға арналған қораптар «Колос», «Волна», «45-тегі гастроном», «Самал», «Әйгерім» және тағы да басқа қаладағы орталық дүкендерге қойылды. Акцияға кейбір кішігірім азық-түлік дүкендері де қосылмақ.

Дүкендердің тізімі мен мекен-жайы және жиналған кәмпиттер туралы ақпаратты еріктілер тобының әлеуметтік желідегі парақшасынан көруге болады: @tvorim_dobro_uka.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу