Жарма ауданында жолдардың тазалығы бақылауға алынды
Аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин жол қатынасына жауапты мекемелердің қысқы даярлығын тексерді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Атап айтқанда, "Жарма су" КМК, "Жарма тас жолы" ЖШС, «ДЭУ 28» ЖШС, Шар қаласындағы «Горводхоз» кәсіпорнындағы қар тазалайтын техникалардың жұмысымен танысты.
Сондай-ақ, ауданаралық жол қатынасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған шаралармен танысқан өңір басшысы жұмысты уақтылы және кешенді жүргізу бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Аудан әкімі сыртқы жолдарды ғана емес, ішкі жолдарды да назардан тыс қалдырмауды ескертіп, осы бойынша әр округтің әкімдерімен жұмыс жоспарын құруды тапсырды.