Өскемен: тағы екі ойын алаңы ашылды

Өскеменде «Халық қатысатын бюджет» жобасы негізінде балалар алаңдары салынып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Естеріңізде болса, жыл басында қала тұрғындары жүз жобаның бюджетін қалыптастырған. Сол кезде әкім Жақсылық Омар:
– Мемлекет басшысы «Халық қатысатын бюджет» жобасын жүзеге асыруға қатысты тапсырма беріп, абаттандыру жұмыстарына бюджет қаражатын бөлу кезінде жергілікті тұрғындардың пікірін ескеру керектігін айтты. Биыл біз осы тапсырманы орындауға бағытталған жұмыстарды қолға алдық. Сондықтан жүз жоба тұрғындардың ұсынысына сай жасалды. Әрине бұл жерде қаланың бюджеті де ескерілді. Қалай дегенмен ең көп дауысқа ие болған жобалар таңдалды, – деген еді.
Бүгін сол жобаға сәйкес Жаңа Ахмер мен Защита ауданында заманауи құралдармен жабдықталған балалар алаңдарының ашылу рәсімі болды.

Тұрғындар балалар алаңын таза ұстауға сөз берді.