Катонқарағайда Қалихан Ысқаққа арналған зияткерлік сайыс өтті – ШҚО
Жуырда Катонқарағай ауданында жерлес жазушы Қалихан Ысқақтың 90 жылдығына орай #Qaliqan90 куиз интеллектуалдық ойыны өтті. Бұл шараға Өскемен қаласынан, Самар, Үлкен Нарын, Зайсан аудандарынан келген 11 команда қатысып, өз білімдерін сынады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Сайыс барысында қатысушылар жазушының өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап беріп, қызықты 7 турдан өткен тартысты ойын көрсетті. Интеллектуалдық дода ойынды қыздырып, қатысушылардың көңілін көтерді.
Ойын нәтижесі бойынша бірінші орынды«EASTiler»(Өскемен қаласы),екінші орынды «Арайлы Катонқарағай»(Катонқарағай ауданы),үшінші орынды «Жаңа район» (Үлкен Нарын ауданы) командалары иеленді. Жеңімпаздарға алғыс хаттар мен ақшалай жүлде табысталды.
Сонымен қатар ойынға белсене қатысқан «Lastaev», «Мұзтау», «Ғасыр», «Топқайың», «Қайыңды», «7+1» (Өрел), «Тренд» командаларына арнайы алғыс хаттар берілді.
Бұл сайыс Қалихан Ысқақтың бай мұрасын насихаттап, жастардың білімге, әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға үлкен серпін берді.
Ержан Әбіш