KZ
Өскемен
-5°
переменная облачность Штиль
502.47 525.83 5.68

ШҚО-да тағы екі аудан жаңа кестеге көшті

Редакция мұрағатынан

Бүгін, 13:05 78 Төлеуғазы Жансая

24 ақпаннан бастап Марқакөл және Үлкен Нарын аудандарында жұмыс уақыты бір сағатқа ерте басталады. Енді мемлекеттік мекемелер 08:00-ден 17:30-ға дейін жұмыс істейді. Түскі үзіліс – 12:00-13:30 аралығында, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жергілікті әкімдік өкілдерінің айтуынша, бұл өзгеріс өңірдің табиғи жағдайларына байланысты енгізілді. Таңның ерте атуы мен кештің тез түсуіне байланысты тұрғындар күндізгі уақытты тиімді пайдаланатын болады.

Бұл бастама тұрғындармен талқыланып, көпшіліктің оң қолдауына ие болған. Өткен айда осындай жұмыс кестесі Катонқарағай ауданында енгізілген еді. Енді оған Марқакөл мен Үлкен Нарын қосылып отыр.

Қазіргі уақытта аудандардағы 40 мекеме жаңа тәртіпке көшті. Ал мектептер, балабақшалар мен медициналық ұйымдарда өзгерістер аса байқалмайды, себебі олар бұрын да 08:00-де жұмысын бастайтын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу