"Қазбат" 10-сериялық телехикаясының түсірілімі аяқталды

Қазақстандық "Аю Синема" кинокомпаниясы "Qazaqstan" телеарнасымен бірлесіп жақында толық метражды көркем фильм мен "Қазбат" 10-сериялық телехикаясының түсірілімін аяқтады.
Фильмнің түсірілімі Алматы облысының таулы аймақтарында өтті, оның негізіне 1995 жылғы нақты оқиғалар алынды, ол кезде Памир тауларында Қазақстан Ішкі әскерлерінің 7 ротасы Ауғанстаннан келген содырлар тарапынан жойқын шабуылға ұшыраған, деп хабарлады Ұлттық гвардияның баспасөз қызметі.
Фильмнің басты қаһармандары - 4 кейіпкер: 19-20 жастағы жас жігіттер. Бұл тәжік-ауған шекарасында жауынгерлік міндеттерді орындаған барлық әскери қызметшілердің жинақтама бейнесі. Сондай-ақ Марат Ахметов, Берік Омаров, Қайрат Сәтбаев сияқты бірқатар әскери офицерлердің бейнесін көрсететін офицер, взвод командирі бар. Олар қызметін лайықты атқарып, қарамағындағыларды өз кеудесімен жауып, оларды тәрбиелеп, нағыз батырларды сомдады. Қазір фильмнің монтажы жүріп жатыр
Жыл соңына дейін фильмнің толық метражды нұсқасын шығару жоспарланып отыр, ал теледидарлық "Qazaqstan" телеарнасында келесі жылы, 7 сәуірде – осы естелік шайқастың 25 жылдығына орай көрсетіледі.
"Қазбат" кинокартинасы Ұлттық гвардияның және ҚР ІІМ қолдауымен жарыққа шығады, идея авторы Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов болып табылады. Фильмнің режиссері - Асқар Ұзабаев, қоюшы-бас оператор -Максим Задарновский.
Фильмде еліміздің көптеген фильмдері бойынша танымал актерлер: Ринат Әшірбеков пен Дәурен Серғазин, бастаушы актерлер – Халық Рахат, Диас Мырзахмет, Шарифбек Зәкіров пен Индира Шынболатқызы түсті.
Олардың ерлігін экрандау идеясын алға жылжыта отырып, Ұлттық гвардияның қолбасшылығы қаза болғандарға құрмет көрсетеді.