KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 2 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Қазақстанда науқастарға бөлінген тегін дәрі-дәрмекті шетелге сатып жіберген

14.11.2019, 04:17 138

Қазақстанда қатерлі ісік дертіне шалдыққан науқастарға мемлекеттен бөлінген тегін дәрі-дәрмекті Ресейге сатып жіберген, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Қазақстандық науқастарға арналған дәрілік препараттар көршілес Ресейден табылып жатыр. Бұл дәрілердің бір қаптамасының бағасы миллион теңгеден асады.

- «Ресейде біздің онкопрепараттарымыз сатылып жатқаны туралы ақпарат түсті. Бұл дәрілерді "СК-Фармация" сатып алған. Оның бағасы қымбат – бір қаптамасы миллион теңгеден асады», - дейді Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова.

Айтуынша, басқа елге белгісіз жағдайда сатылып кеткен меланоманы емдеуге арналған екі препарат екен - пембролизумаб (pembrolizumab), тауарлық атауы - "Кейтруда" (Keytruda) және  дабрафениб (Dabrafenibum), тауарлық атауы - "Тафинлар".

- «Бізге бұл ақпаратты пациенттер жеткізді. Ресейлік нарықта біздің медициналық мекемелердің мөрі басылған дәрі-дәрмектер табылыпты. Қазір біз құқыққорғау органдарымен бірлесе отырып, тексеру жүргізіп жатырмыз. Егер дәрі-дәрмектердің сатылғаны рас болса, бұл іс Бас прокуратураға беріледі», - деді Бюрабекова.

Жоғарыда аталған екі препарат станционарлық дәрі-дәрмекке жатады. Науқастарға тегін беріледі. Оларды бірыңғай дистрибьютордан Қазақстан бойынша 11 стационар ғана алған екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив