Семей әкімі шыршаларға қиянат жасаған құрылыс компаниясына ескерту жасады
Семейде Абай көшесінің бойында салынып жатқан жаңа құрылыс нысаны шаһар тұрғындарының ызасын келтірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Әлеуметтік желіде соңғы күндері құрылыс жұмыстарының кесірінен сынуға жақын қалған шыршалардың суреті жарияланған болатын. Шаһар тұрғындары жуықта ғана егілген шыршаларды елемеген мердігер компания мен қала билігіне наразылықтарын жаудырған. Осыған байланысты әкімдік жауап берді.
Қала әкімінің тапсырмасымен мамандар тексеру өткізіп, құрылыс иесіне ескерту жасады. Қақпа түзетілді, шыршалар қалпына келтірілді. Ағаштарға ешқандай да зиян келген жоқ, - дейді әкімдіктегілер.
Оқи отырыңыз