Семей қаласының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы бекітілді
Семей қаласының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы бекітілді, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі. Бұл облыстық мәслихаттың кезекті отыз төртінші сессиясында мәлім болды.
«Стратегия орта мерзімді жоспарлауды, қала аумағын дамыту бағдарламаларын, әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарын, кешенді даму жоспарларын, бас жоспарды, сондай-ақ қала аумағын жинақы салу жоспарларын қалыптастыруға негіз болады», – делінген Экономикалық және бюджеттік жоспарлау басқармасының баспасөз ақпаратында.
2050 жылға қарай Семей қаласында:
– табиғи өсім, көші қонының оңды сальдосы және оңтүстік өңірлерден халықтың қоныстануы есбінен халық саны 350 мыңнан 500 мыңға (1,4 есе көбейеді) жетеді;
– өмір сүру ұзақтығы – 73-тен 84 жасқа дейін (15%) өседі;
– PISA тестінің нәтижелері бойынша анықталған білім деңгейі экономикалық дамыған мемлекеттердегі орташа деңгейден кем болмайды:
– полифункционалды аймақтар жасалады: өңіраралық сауда-логистикалық орталықтар, туристік, рекреацялық және спорттық, ойын-сауық қызметтері;
– қатты тұрмыстық қалдықтарды жою, залалсыздандыру, қайта өңдеу бойынша 80%-ды құрайды;
– халықтың орталықтандырылған сумен және су бұру жүйесімен 100% қамтамасыз етілуі;
– қайта жаңғыртылған энергия көздерін пайдаланатын қаланың үй шаруашылықтарының үлесі 50%-дн асады;
– бір тұрғынға шаққанда баспанамен қамтамасыз ету 21 шаршыметрден 30 шаршыметрге жетеді – 1,4 есе артады.