Өскемен қаласының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы бекітілді
Өскемен қаласының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы бекітілді, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі. Бұл облыстық мәслихаттың кезекті отыз төртінші сессиясында мәлім болды.
«Стратегия орта мерзімді жоспарлауды, қала аумағын дамыту бағдарламаларын, әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарын, кешенді даму жоспарларын, бас жоспарды, сондай-ақ қала аумағын жинақы салу жоспарларын қалыптастыруға негіз болады», – делінген Экономикалық және бюджеттік жоспарлау басқармасының баспасөз ақпаратында.
2050 жылға қарай Өскемен қаласында:
– табиғи өсім, көші қонының оңды сальдосы және оңтүстік өңірлерден халықтың қоныстануы есбінен халық саны 345 мыңнан 550 мыңға (1,6 есе көбейеді) жетеді;
– өмір сүру ұзақтығы – 73-тен 84 жасқа дейін (15%) өседі;
– жұмыссыздық деңгейі 4,8%-дан 4,%-ға төмендейді;
– PISA тестінің нәтижелері бойынша анықталған білім деңгейі экономикалық дамыған мемлекеттердегі орташа деңгейден кем болмайды:
– атмосфераның ластануы 3,5 ұпайдан аспайды;
– қатты тұрмыстық қалдықтарды жою, залалсыздандыру, қайта өңдеу бойынша 80%-ды құрайды;
– халықтың қаладағы өмір сүру деңгейі мен өміріне қанағаттануы 70%-дан кем емес;
– бір тұрғынға шаққанда баспанамен қамтамасыз ету 23,2 шаршыметрден 30 шаршыметрге жетеді – 1,3 есе артады.