Семейдегі Мәншүк Мәметованың даулы мүсіні алынып тасталды
Семейдегі Жеңіс саябағына қойылған қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметованың ағаш мүсіні ел арасында наразылық тудырғаны жазған едік. Даулы мүсін бүгін алынып тасталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Семей қаласының ішкі саясаты бөлімінің ақпараты бойынша, бұл мүсін 2 қарашада қойылған. Тұрғындардың да, әкімдіктің де көңілінен шықпаған соң, бүгін орнынан алынып тасталған екен.
Жалпы саябаққа ағаш мүсіндер қою идеясы ондағы ағаштарды түбімен алып тастамай, көркемдік мақсатта пайдалануға бағытталған екен.
Оқи отырыңыз