KZ
Өскемен
-8°
небольшой снег Штиль
519.28 540.05 5.31

ШҚО-да түрмедегі шеберлердің жәрмеңкесі өтті

30.10.2019, 04:34 84

 

ШҚО-да түрмедегі шеберлердің жәрмеңкесінен түскен мқаражат көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға беріледі, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.

– Сотталғандар мен мерзімін өтеп шыққандар қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесін өткізді. Жалпы біз жылда көрме өткізетінбіз. Шара соңында ағаштан істелген заттар мен картиналарды балалар және қарттар үйіне табыстайтын едік. Биыл жәрмеңке қылып, келушілерге саудаладық. Бағасы 500 теңгеден басталады. 2 500-3 000 теңгелік бұйымдар да бар, – деді ШҚО бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті әлеуметтік-психологиялық жұмыстар бөлімінің аға инспекторы Зухра Тоқтамысова. Оның айтуынша, қолөнер бұйымына қызығушылардың қатары көп болды.

Айта кетейік, жәрмеңке облыстық А.С.Пушкин атындағы кітапханада болды. Кітапхана мәліметінше, жәрмеңкеден түскен қаражат Қызыл Жарты Ай қоғамына беріледі. Бұл қоғам қаражатты одан ары көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға жеткізеді.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу